6.09.2023, 9:45
Оқылды: 37

БҚО: салық түсімінің көлемі артуда

Облыста 2023 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке  293,8 млрд теңге салық түсімі орындалды. Бұл – былтырғы деңгейден 92,4 млрд теңгеге артық (146%). Ал республикалық бюджетке түсетін түсімдердің өсуі  мұнай секторы бойынша (2022 жылғы І жартыжылдықта – 88,7 млрд, 2023 жылғы І жартыжылдықта – 139,3 млрд теңге) және шикізаттық емес сектор бойынша түсімдердің оң  динамикасымен  байланысты (2022 жылғы І жартыжылдықта – 48 млрд, 2023 жылғы  І жартыжылдықта – 67,2 млрд теңге). Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының міндетін атқарушы Тасқын Ақбаев хабарлады.

15990504-D7F1-445D-9009-5D9030B3AA8A

Ақбаевтың баяндауынша, жоспарды орындау мақсатында республикалық бюджеттегі (РБ) қосымша резервтер бойынша жол картасына сәйкес іс-шаралар өткізілді. Алғашқы алты айда салықтық және кедендік әкімшілендіру шеңберіндегі қосымша түсімдер 9,3 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінде өндірілген резервтерден 82%-ға немесе 4,2 млрд теңгеге артық (2022 жылдың 6 айында алдын ала резервтер 5,1 млрд теңгені құрады). РБ-да негізгі резервтер камералдық бақылау (2421,1 млн теңге – «тірі ақшамен», 455 млн теңге – артық төлем есебінен), ҚҚС қайтаруды әкімшілендіру (1716,7 млн), салық берешегін өндіріп алу (1184 млн теңге) есебінен қамтамасыз етілген.

– ЕАЭО бойынша жанама салықтарды әкімшілендіру шеңберінде 1,7 млрд теңге қосымша түсімдер қамтамасыз етілді. Бұл көрсеткіш – резервке дейінгі деңгейден 6 есе жоғары.

Осы бағыт бойынша тауар-көлік жүкқұжаттарының болуы және тауарлар атауының оларда көрсетілген мәліметтерге сәйкестігі, тауарларды қолданыстағы жүк алушыларға тасымалдау мәселесі бойынша 510 бұзушылық фактісі анықталды (8,5 млн теңге айыппұл). Транзиттік салада 877 тасымалдаушысы тексерілді. Соның нәтижесінде 16 тасымалдаушыдан 569,3 мың теңге әкімшілік  айыппұл  өндірілді.

Шекара арқылы тауарларды өткізу процесінің мониторингі нәтижелері бойынша экспорт аясында шектеулер енгізілген және тыйым салынған тауарларды сыртқа алып шығуға қатысты 85 дерек анықталды (оның ішінде пияз тасымалы – 21, мұнай өнімдері – 49, сынықтар мен қалдықтар – 5, минералды тыңайтқыштар – 5, экспорттық бақылауға жататын тауарларды өткізу – 5 дерек).

Сондай-ақ есепті кезеңде акцизделетін өнім айналымы саласында анықталған бұзушылықтар бойынша 2157,5 литр алкоголь өнімі, 130 мың қорап темекі өнімдері және 3,9 тонна мұнай өнімдері тәркіленді, - деді Тасқын  Ақбаев.

Нұртай Алтайұлы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале