Түркістан облысы Аққұм ауылының мұғалімдері интернет іздеп, көрші ауылға сабылмайтын болды. Бұл туралы Ұлттық арна телеграм-каналында жазды.
Сурет: otyrar.kz
Өңірдегі Білім сапасын бақылау департаментінің ұйғарымымен ұстаздар электронды форматта рәсімделетін құжаттарын енді қағазға толтырады.
Мұндай өзгеріс мектепке жоғары жылдамдықты ғаламтор желісі тартылғанға дейін күшінде болады.
Сондай-ақ мектеп директорына сөгіс берілді.
Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысындағы мұғалімдер «Күнделікті» толтыру үшін көрші ауылға күнде сандалып жүргені айтылған еді. Себебі Аққұм ауылында не байланыс, не мобильді интернет жоқ.