Қорғаныс министрлігі қазақстандық әскери қызметкерлер ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштерімен «Мызғымас бауырластық – 2023» оқу-жаттығуына барады.
Бұл туралы қорғаныс министрлігі хабарлады. Оқу 6-13 қазан күндері Қырғызстан республикасы қарулы күштерінің оқу-жаттығу орталығының полигонында Балықшыда өтеді.
Оған Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның әскери контингенттері қатысады. Оқу-жаттығудың негізгі міндеті – бейбітшілікті сақтау жөніндегі операцияны жүргізу кезінде ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгерлік күштерінің әскери контингенттерінің үйлесімділігін арттыру.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен Десанттық-шабуылдау әскерлерінің жеке құрамы тартылады.
Оқу-жаттығу шеңберінде қазақстандық әскери қызметшілер автомобиль және бронды техникамен Алматыдан Балықшы қаласы бағытына қарай жүріп өтеді.