Ақтауда дзюдодан «Азия Кубогі» халықаралық жарысы өтіп жатыр. Аталмыш боз кілем бәсекесінде ел намысын қорғап жүрген батысқазақстандық дзюдошылар тамаша нәтиже көрсетуде.
Алдымен 52 келі салмақ дәрежесінде белдескен Айшабибі Мұрадымова қола жүлдеге қол жеткізсе, артынша 81 келі тартатын палуандар бәсекесінде қарсылас шыдатпаған Аңсарбек Ғайнуллин жарыс жеңімпазы атанды.
Жақсы жаңалық мұнымен таусылмайды. Күні кеше Түркияның Кемер қаласында муайтайдан (тай боксы) әлем чемпионаты аяқталды.
Төрткүл дүниенің талта аяқты, балға жұдырықты спортшылары қатысқан додада өңір спортшылары да бой көрсетті.
Ең жеңіл салмақта шаршы алаңға шыққан Аяулым Иманбай ІІ орынға ие болды.
Түгелбай Бисен,
zhaikpress.kz