17.10.2023, 10:15
Оқылды: 112

БҚО-да визит орталығы мен мемориалдық музей ашылды

«КПО б. в» компаниясы есебінен бөлінген 400 миллион теңгеден астам қаржыға Хан Ордасы тарихи-мәдени архитиктуралық-этнографиялық музей қорығында жаңадан салынған визит орталығы мен әкімшілік ғимараты және қалпына келтірілген ХІХ ғасырдың тарихи-мәдени ескерткіші санатындағы мемлекет және қоғам қайраткері Сейтқали Меңдешев пен Алма Оразбаеваның мемориалдық музейі пайдалануға берілді.

визит (4)

Тарихын түгендеген Бөкей халқын үлкен қуанышқа бөлеген салтанатты шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысты.

визит (2)

Қазіргі таңда аты алты Алашқа мәжһүр болған ел ішінде тұңғыштар мекені аталатын Бөкей Орда ауданы жыл санап көркейіп жатыр. Жеті жұрт көшіп, жеті жұрт жайлап, Бөкей сұлтан атамекенге айналдырған топырақ жаңа дәуірде жаңару мен жаңғыру жолымен жүріп келе жатқанын айтқан өңір басшысы дамудың даңғыл жолына түскен еліміздің ұлы мақсаты рухани мұрамыз бен ұлттық құндылықтарымызды сақтау екенін баса айтты.

визит (8)

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Шын мәнінде қазақтың мәдениеті сан саланы қамтиды. Халқымыздың ата-бабадан мирас болған мол мұрасы бар. Сан қырлы ұлттық мәдениетімізді айшықтайтын баға жетпес мұраны сақтап, зерделеу қажет. Оны заман талабына сай жаңғыртып, жер жүзіне насихаттау керек» деп атап көрсетті. Бұл, әсіресе, ұлттық мұрамыз бен рухани байлығымыздың негізі музейлерге үлкен міндет жүктейді. Олардың қатарында облысымыздағы алғашқы қорық – Хан Ордасы музей-қорығын кіргізуге болады. Батыс аймақтағы Каспий қақпасы кластеріне, «Қазақстанның жалпыұлттық киелі орындары» жобасының 100 нысаны қатарына, «Қазақстан Республикасының ішкі және келу туризмін дамыту» бағдарламасына енген музей-қорықтың ғимараттары мемлекетіміздің ұлттық мәдени мұрасы ретінде тіркелген. Бүгін, міне, көпшіліктің ризашылығына кенеліп отырған қорық құрамында жаңа технологиялармен жабдықталған визит орталығы, қызметкерлерге арналған әкімшілік ғимараты, мемлекет және қоғам қайраткерлері Сейтқали Меңдешев пен Алма Оразбаеваның мемориалдық музейлері ашылды. Бұл – ұлттық құндылығымызға, тарихы тереңде жатқан Бөкей Ордасына деген мемлекетіміздің ерекше ықыласы. Бұдан бөлек, алдағы уақытта қазақ жерінде ашылған тұңғыш аурухана ғимаратында жаңа экспозиция жасалып, 1872 жылы салынған амбулатория ғимаратын қайта жаңғыртып жатырмыз. Хан Ордасына сән беріп, көркейтіп тұрған мұндай ғимараттар көбейері сөзсіз. Әр көшесі шежіре, әр ғимараты сырға тұнған Бөкей елінің бәсі биік! Музей-қорықтың даңқы артып, келуші қонақ көбейе берсін, - деді өңір басшысы Н. Төреғалиев.

визит (1)

Одан соң «Бөкей Орда» ауданының «Құрметті азаматы» музей саласының ардагері Амантай Хамзин сөз алып, ел тарихын түгендеуге арналған ғимараттар келешек ұрпақтың тарихын ұмытпауға, ел үшін еңбек еткен тұлғалардың атын ұлықтауға септігін тигізетініне сенім білдірді.

визит (4)

Жаңадан салынған визит орталығы қазіргі заман технологиясымен толық жабдықталған. Орталық кіре-берісіне қойылған ақпараттық тақтадан музей кешені, Бөкей орда ауданы, тұңғыштар мекенінде дүниеге келген елеулі тұлғалар жайында деректермен танысуға болады. Сондай-ақ ақпарат тақтасы арқылы музей-кешеніне жасалар экскурсия жоспарлау мүмкіндігі бар. Бірнеше бөлмеге бөлінген визит орталығының ақпараттық бөлімі музей келушілері мен туристтерге кешенді толық таныстыра алады. Аталған бөлім кешенді жарнамалау және музейді интернет желісінде таныту ісімен де айналысады. Жаңа ғимарат балалар бөлмесімен жабдықталған. Фотолаборатория да келушілерге қызмет көрсетуге әзір. Енді бүл мекенге келген әр қонақ Хан ордасы, алғашқы қазынашылық сияқты тарихи орындарда түскен суреттерін бірден ала алады. Сондай-ақ жергілікті қолөнер шеберлері жасаған естелік сыйлықтарды да сатып алуға болады.

визит (15)

Түгін тартсаң тарихы ашылатын орынды аралап, жергікті тұрғындармен тәлдескен облыс әкімі бөкейлік алайынды мазалаған жол мәселесінің де шешілер күн аз қалғанын жеткізді.
Ел туризмін дамытуға үлкен қадам жасаған жаңа ғимараттар ашылуының соңы жергілік өнерпаздардың қойылымымен аяқталды. Жәңгір хан өмірінен үздінді көрсеткен бөкейлік сахна шеберлері жиылған халықтың қошеметіне бөленді.

Түгелбай Бисен,

Жаңа нысандарды фотоға түсірген Мират Қоржынбаев

zhaikpress.kz

визит (5) визит (6) визит (7)

 визит (3) визит (6) визит (11) визит (25) визит (27)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале