10.11.2023, 16:15
Оқылды: 33

Сенім биігінде

Адал еңбек кім-кімді де мақсатына жетелеп, игі істердің ұйтқысына айналдырады. Әр істің қиюын келістіріп, оңтайына қарай жүйелей білгеннің өз ұжымында беделі артып, мансаптық жолы ашыла түседі.

IMG-20231107-WA0049

Бүгінде мемлекеттік қызметте жүрген әріптестеріміздің сатылай өсіп, халықтың сенімін жаулаған еңбекқорлық қасиеттеріне қарап отырып осындай ойға келдік. Өзіне жүктелген функционалдық міндеттемелерді тиімді атқарып, елдің зор сеніміне ие болған, құрметіне бөленген мемлекеттік қызметшінің бірі – Бәйтерек ауданындағы Бейбітшілік ауылдық округінің әкімі Манарбек Жандарбеков.

IMG-20231107-WA0050

Манарбек еңбекке ерте араласқан, мол тәжірибелі, қағылез жігіт. «Желаев» астық өнімдері комбинаты сынды ілкімді ұжымнан басталған еңбек жолын 17 жылдан соң мемлекеттік қызметке ұластырған.

Еңбектене жүріп, Батыс Қазақстан инновациялық-техникалық университетінен ветеринарлық медицина мамандығын игерген. Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолы 2020 жылы Бәйтерек ауданы

Раздольный ауылдық округінің бас мамандығынан басталды. Шалғайдағы шағын ауылдың қым-қауыт мәселелері оған түрлі мамандық иелерімен жұмыстануға мүмкіндік берді. Ауыл адамдарының

әрқайсысымен етене араласа жүріп, тұрғындардың болашаққа дұрыс көзқарас танытуына, мемлекеттік бағдарламалар арқылы өз істерін ашуларына, жаңа кәсіп меңгерулеріне, қоғамдық бастамалар мен саяси шараларда белсенділік танытуына ықпал етті. Ауылдағы ірілі-ұсақты кәсіп иелерін ортақ іске жұмылдырып, халықшыл бастамаларын іске асырды. Манарбек Жандарбекұлының іскерлігін байқаған аудан басшылығы жаңа орында өзін сынап көруге ұсыныс берді. Сөйтіп биыл наурыз айында аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы лауазымына ауысты.

Ол уақытта аталмыш бөлімде жұмыс қайнаған тұс. Мемлекеттік «Ауыл аманаты» бағдарламасын үйлестіру жауапкершілігі осы Манарбек Жандарбекұлына жүктелді. Саланың кәсіби маманы, аталмыш бөлімінің басшысы Лауаз Уәлиевтің жетекшілігімен тиімді нәтижелерге қол жеткізе алған білікті маман өзін тағы да өзге салада сынап көруге бел байлады.

 Бұл жолы сайлану тәсілі арқылы округ әкімдігіне бет бұрды.Нәтижесінде халықтың сеніміне ие болып, Бәйтерек ауданы Бейбітшілік ауылдық округінің әкімі болып сайланды. Енді Манарбек Жандарбекұлының алдында халқына уәде еткен сайлауалды бағдарламасын іске асыру міндеті тұр.

 

Нұржан Дүзбатыр,

әдеп жөніндегі уәкіл

Бәйтерек ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале