Бөкей ауданы орталығында салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында аудан тұрғындар арасында жүгіруден сайыс ұйымдастырылды.
Жиынның ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Кенесары Нұршинов пен ардагер спортшы Мендібай Қаресов сөз сөйлеп, барша спортшыларға сәттілік тілесе, «Нарын жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Медет Қаресов сайыс ережесімен таныстырды.
Сайысқа 14-35 жас аралағындағы 52 спортсүйер қауым қатысса, 35+ жас аралығындағы 16 жерлесіміз белсенділігін танытты.
Сайыс қорытындысында 14-35 жас аралығындағы қыздар арасында І орынды Айбибі Батырова, ІІ орынды Жанерке Губашева, ІІІ орын Жасмина Мүбаракова иеленді.
-35 жас аралығындағы ерлер арасында І орынды Мейрамбек Мұқаев иеленсе, ІІ орынды Нұрсұлтан Назарбекұлы, ІІІ орын Ерасыл Ғабыл-Манапов қанжығасына байлады.
35 жастан жоғары әйелдер арасында І орын Айсамал Ажығалиеваға, ІІ орын Айым Қабдоловаға, ІІІ орын Ботагөз Мұсағалиеваға бұйырды.
35 жастан жоғары ерлер арасында І орынға Нұрбек Иманбаев, ІІ орынға Мейрамбек Омарғалиев, ІІІ орынға Тимур Сертеков лайық деп танылды.
Жарыс жеңімпаздарына тиісті дәрежелі диплом, медальдармен қатар бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Сонымен қатар, жарыстың ең үлкен қатысушысы Қанат Бірімжаров пен ең жас спортшысы Айтжан Манасқа арнайы сыйлықтар табысталды.
Еркебұлан Бисенғалиев,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz