Қазақстандық, әлемнің 458-ракеткасы Дмитрий Попко Анталия (Түркия) ITF турнирінің жеңімпазы атанды.
Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
Жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші финалда дүниежүзілік рейтингіде 743-сатыда тұрған испаниялық Макс Алкала Гурримен бас жүлде үшін таласты.
Дмитрий Попко бірінші сетте 6:4 есебімен басым түсті. Екінші партияда да сол қарқынын жоғалтқан жоқ – 7:5. Осылайша, ол Анталия додасында үздік шықты.