Дүниежүзілік сайлау күніне орай Казталов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының «Ашық есік» күні өтті.
Ақпан айынының бірінші бейсінбісі – Дүниежүзілік сайлау күні болып, 2005 жылы 1 қыркүйекте Будапештте өткен сайлаушылардың жалпы конференциясында бекітілген.
Казталов аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Жанболат Темірғалиев Дүниежүзілік сайлау күні аясында жастармен кездесу өткізді.
Негізгі мақсат – тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихымен тығыз байланысты еліміздің сайлау жүйесінің қалыптасу және даму кезеңдері туралы жұртшылықты ақпараттандыру, жас сайлаушылар арасында демократиялық құндылықтарға деген ұстанымын қалыптастыру.
Жанболат Серікқалиұлы Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі туралы ақпарат беріп, сайлаудың қоғам үшін маңыздылығын түсіндірді.
Жастардың көкейінде жүрген сайлауға қатысты сұрақтарға жауап беріп, түсіндірме жұмысын жүргізді.
Гүлнұр Сәуірғалиқызы,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz