1.02.2024, 14:55
Оқылды: 77

Сырым ауданында 10 округтік сайлау комиссиясы бар

Бүгін Дүниежүзілік сайлау күніне орай №7 Батыс Қазақстан облыстық округтік сайлау комиссиясының төрағасы Өтеген Уашев пен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Мейірбек Хасанов  Сырым колледжінің студентерімен кездесіп, дөңгелек үстел ұйымдастырды.

дүниежүзілік сайлау күні

Дөңгелек үстел барысында Өтеген Қайыржанұлы мен Мейірбек Мәлікұлы сайлау комиссиясының жұмысы туралы, қандай адам сайлауға өзін-өзі ұсына алатынын, сайлауға қатысқан әрбір адамның дауысы маңызды екенін айтты.

дүниежүзілік сайлау күні 2

«Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Заңын түсіндірді. 20 жасқа толған ҚР азаматы мәслихат депутаты болуға құқылы, өзінің кандидатурасын ұсына алады. 25 жасқа толған,  жоғары білімі бар,  ҚР азамат, азаматшасы ауылдық оркуг әкімінің сайлауына өзін-өзі үміткер ретінде ұсына алады.

Сырым ауданында 10 округтік сайлау комиссиясы бар. 2021 жылдан бастап аудандағы 12 ауылдық округтің 9 ауылдық округ әкімін халық сайлады.  Биыл Жымпиты, Жетікөл және Елтай ауылдық округтерінің әкімдерінің өкілеттік мерзімі аяқталып, халық округ әкімдерін сайлайды.

Дөңгелек үстелде студенттер сұрақтар қойып, оған мамандар жауап берді.

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале