Сырым ауданының 15 оқушысына "+1 Илон Маск" қоры компьютер сыйлады.
Осыдар үш жыл бұрын Дәурен Төлебаев құрған өнеркәсіп пен инновацияны қолдау қорының игілігін қазақстандық зияткер оқушылар көруде.
Қордың ұранына американдық инженер, миллиардер Илон Масктың есім-сойы алынуы да тегін емес. Илон – білім мен ойды қанат қылған адам. Оның жобалары әлемдік автоөндірісті жаңа биікке көтерді. Қазіргі уақытта Масктың командасы Марс сапарына дайындалуда. "+1 Илон Маск" қоры қазақ балаларының арасынан білім дарабоздарын іздейді.
Ноутбуктар су тасқыны кезінде үйі зардап шеккен жанұялардың балаларына берілді. Атап айтсақ, Қ.Мырзалиев, Ж.Досмұхамедов атындағы және Бұлдырты орта мектебінің оқушылары жаңа оқу жылына жаңа сөмке, ішінде ноутбугі бар сөмке ұстап барады.
- Үйлер суда қалды, жаңа үйге жеткенше де оқушы тынығып, даму керек. Мақсатымыз – балаларға уақытша тұру кезінде білім алуды қолжетімді қылу. - дейді қор өкілдері.
Досжан Тайшиев,
Сырым аудандық білім беру бөлімінің басшысы