17.07.2024, 14:45
Оқылды: 185

Бәйтерек ауданында бағымсыз мал иелеріне 1 279 278 теңге айыппұл салынды

Жыл басынан бері Бәйтерек ауданы аумағында 255 ірі қара мен жылқы айыппұл тұрағына қамалған. 216 тұлғаға 1  279 278 теңге көлемінде айыппұл салынып, оның 985 764 теңгесі өндірілді. Жалпы Бәйтеректе 25 айыппұл тұрағы бар. Ал ӘҚБтК-нің 406-бабы бойынша 25 факт анықталып, ветеринариялық инспекцияға материалдар жолданып, 479 960 теңге көлемінде айыппұл салынып, барлық сома өндірілді.

F2C88691-E081-435E-8C2C-6B5A69424F0E

«Белес ауылы жағынан Переметныйға кіре берісте бағымсыз жүрген малды көруге болады. Олар автожолға шығып, қауіп-қатер туғызады. Соның салдарынан бүгін болмаса, ертең жол-көлік апаты болуы мүмкін. Алдын алу үшін Переметный ауылдық округі әкімдігінің басшылығы учаскелік полиция қызметкерімен бірге бағымсыз малдың иелерімен кездесіп, бұл бағыттағы заңнама талаптарын, яғни егер жазатайым оқиға болған жағдайда оған мал иесі жауап беретіні туралы түсіндіру шараларын жүргізгені жөн. Осы іс-шараны фотоға, видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерге тарату керек. Сонда мұны өзгелер де көріп, ойланатыны анық», - деді аудан әкімдігі жанындағы құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында комиссия төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев.

3746FBE3-C4BC-4822-8FE4-87434DE0BFC5

Айта өту керек, ірі малдың қатысымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында аудан аумағындағы тасжолдардың бойына аудан әкімдігі және аудандық полиция бөлімімен ірі қара малдың макеттері қойылған.

4DA3F3EA-ACDB-47BD-AF7E-D512482F3AC9

Ал жыл басынан бері ауданда мал ұрлығы дерегі тіркелген жоқ.

Гүлім Орда

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале