20.08.2024, 15:45
Оқылды: 140

Әйелдердің қоғамдағы рөлі: Оралда тағылымды кездесу өтті

Бүгін «AMANAT» партиясы әйелдер қанатының тең төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Заңнама және сот құқықтық реформа» комитетінің төрағасы  –  Снежанна Имашева және «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Азамат Сафималиев Орал қаласы бастауыш партия ұйымдарының төрағалары (әйелдер) және БҚО әйелдер қанатының мүшелерімен кездестіБұл жөнінде «AMANAT» партиясы БҚОФ баспасөз қызметі хабарлады.

0A4C5E67-8320-4241-B8A7-86A4CBBA020B

Кездесуді «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы, облыстық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Гаухар Шайхиниязова жүргізді.

Аталмыш іс-шарада әйелдердің қоғамдағы рөлі, отбасы тәрбиесі, гендерлік саясат және т.б. тақырыптарда әңгіме өрбіді.

090DEC2D-E68F-474E-BB29-0223E1E76C24

Снежанна Имашева кездесуге келген әйелдерге Парламент қабырғасындағы әйелдерге қатысты қоғамда қызу талқыға түсетін мәселелердің заңнамалық негізде қалай талқыланатынын және зорлық-зомбылыққа қатысты заңнамалық жобаларды өзі жетекшілік ететін комитеттің дайындайтынын атап өтті.

Қазіргі заманда әйелдердің барлық салада өзін көшбасшылар қатарынан көрсетіп келе жатқандығы, гендерлік саясаттың қоғамдағы орны нығайып келе жатқандығы байқалатынын айтты.

00BCAD02-9A29-4BC7-B9A8-BA9CCED44DE9

Өз кезегінде қатысушылар тарапынан да өз ой-пікірімен бөлісіп, ұсыныстарын да айтқандар болды. Мәселен, көшбасшы әйелдерге арналған «Tomiris» білім беру жобасына Батыс Қазақстан облысы атынан конкурстық іріктеуден өткен үміткер Ляззат Сейткереева ауылдық жерлердегі кәсіп ашуға ниетті әйел азаматтарды қолдау бағытында бірқатар ұсыныстар айтты. «Ауыл аманаты» секілді жобаларды кеңінен насихаттап, ауылдық өндірісті дамытуға үлес қосу керектігін атап өтті.

65B94D89-6DD0-4493-8956-62C6030F8010

Қазіргі таңда қоғамдағы буллинг мәселесі әлі де өзекті болып отыр. Әсіресе мектеп және ЖОО орындарындағы буллинг мәселесін азайту мақсатында түрлі қосымшалар, QR-кодтар орнатылған болатын. Соның бірі – Stop Bullying қосымшасы. Аталмыш қосымшаны жергілікті «ІТ Group Казақстан» компаниясы жасап шығарған болатын. Бүгінгі кездесуге ІТ Group Казақстан ЖШС директоры Айжан Сабурова қатысып, компания тарапынан осы мәселеге қатысты атқарылып жатқан жұмыстар мен Stop Bullying қосымшасы арқылы түскен, шешімін тапқан мәселелер жөнінде айтып өтті.

040C20D7-9662-4830-8A54-1551F509E951

Сонымен қатар отбасы тәрбиесі жөнінде де сөз қозғалдыШаттық Утебалиева ата-бабадан қалған дәстүрді дәріптеу, соның ішінде қыз балаларды қарапайым қазақы қолөнер, ұршық иіру және т.б. тағылымдық тәрбиеге мектеп табалдырығынан дайындау қажеттілігі туралы, әсіресе ана болуға дайындық жөнінде кеңінен насихат жүргізу бойынша өзінің ұсынысын білдірді.

0B021A68-AE2C-4A53-9656-0D5160611865

Кездесуді қорытындылай келе«AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Азамат Сафималиев өскелең ұрпақтың болашағы, отбасының ұйытқысы, бар жақсының бастауы әйел азаматынан басталатынын айтып, алдағы жұмысқа сәттілік тіледі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале