16.10.2024, 16:15
Оқылды: 108

ҚМДБ 2025 жылғы діни күндер кестесін бекітті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2025 жылғы діни күндер кестесін бекітті.

photo-output

Сурет: muftyat.kz

Мүфтият жариялаған кестеде 2025 жылғы Рамазан айы 1 наурызда басталады.

Қадір түні 26 наурыздан 27 наурызға қараған түнге түсіп тұр. Ал Ораза айт – 30 наурыз.

Құрбан айттың бірінші күні 6 маусымға келеді.

«Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды. Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді», - деп жазды ҚМДБ-ның баспасөз қызметі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале