Биыл 5 шілдеде халықтан өтінім қабылдау сервисі іске қосылды.
Сурет: ОКҚ
Өтінім түріндегі барлық ақпарат жергілікті атқарушы органның операторына келіп түседі, ол оны жіктеп, орындаушыны тағайындайды.
Пайдаланушыларға ыңғайлы болуы және жауапты орындаушыларды анықтау үшін барлық проблемалық мәселелер 17 санатқа бөлінеді, атап айтқанда, саябақтар мен аллеяларды, жолдарды (трассаларды), аумақтарды тазалау, жарықтандыру, көшелерді абаттандыру, құрылыс және тұрмыстық қоқыстарды шығару, аула алаңдары, кіреберістердің санитарлық жағдайы, ғимараттардың қасбеттері, ашық люктер, көгалдандыру, су айдындарын тазарту және т.б.
«Чат-бот іске қосылғаннан бері 6000 астам өтінім келіп түсті. Өңірлік белсенділікті анықтауға, өтінімдерді қарау мен орындаудағы нақты жағдайды талдауға болады, жүйе өз міндеттерін орындауға жауапты мемлекеттік органдардың рейтингін қалыптастыруға және бей-жай қарамайтын азаматтардың өтініштеріне уақтылы жауап беруге мүмкіндік береді. Осыған байланысты Министрлік @TazaQazBot әзірлеген ақпараттық платформаны белсенді пайдалануға шақырады, бұл күнделікті сипаттағы өзекті мәселелерді жедел шешуге септігін тигізеді», - деді экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.