Бөкей орда аудандық мешітке жаңа имам тағайындалды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай Утпиновтың бұйрығымен бас имамы болып тағайындалған Аймағамбетов Наурызбай Қасымханұлы Ақжайық ауданының тумасы.

Чапаев ауылындағы М.Әуезов мектебін бітіріп, Орал медресе колледжінде діни білім алған. Жиырма жеті жасар Наурызбай Аймағамбетов бұған дейін Ақжайық аудандық мешітінде наиб имам қызметін атқарған. Отбасылы.
Жаңа имам мен оның әріптестерін алдымен аудан әкімі Нұрлыбек Даумов қабылдап, ауданның діни ахуалымен таныстырып, Наурызбай Аймағамбетовтің қызметіне сәттілік тіледі.

Кейін облыс орталығынан келген меймандар Деркөл ауылдық мешітінің имамы Ерлан Айтенов пен «Орал медресе колледжі» мекемесінің басшысы Талғат Искалиев жаңа имамды мешіт жамағатына келіп таныстырып, осыған дейін имам қызметін атқарған Мұхамедәли Медетұлына ризашылығын білдірді.
Анар Артықбай
Бөкей ордасы ауданы