11.02.2025, 13:00
Оқылды: 81

Премьер-министр фермерлерді қажетті көлемде қол жетімді тыңайтқыштармен қамтамасыз етуді тапсырды

«Көктемгі дала жұмыстарында агротехнологияларды қатаң сақтап, тыңайтқыштарды және өсімдіктерді қорғау құралдарын уақтылы қолдану керек. Әзірге ол жоспардың 59%-ын құрап отыр. Министрдің айтуынша, 2023 жылы аталған көрсеткіш 21%-ды құраса, былтыр 40%-ға жеттік, биыл 59%-ға дейін жеткіземіз. Алдағы жылдары біз 100%-ға жетуіміз керек»,— деп атап өтті  Премьер-министр Үкімет отырысында.
8b7cba51-fee9-4e44-bec4-d3f3a1614c86
b3062b2a-29ec-406d-87b6-a144d8885ffc
Сурет: telegram.org
Елімізде тыңайтқыш шығаратын 10-нан астам кәсіпорын жұмыс істейді.
«Егіншілерді қолжетімді тыңайтқыштармен қамтамасыз ету бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Өнеркәсіп министрлігінің жұмыстарын үйлестіру қажет»,— деп тапсырды Олжас Бектенов.
Тағы бір маңызды мәселе – ауыл шаруашылығы техникасының дайындығы бүгінде шамамен 75%-ды құрайды.
Жаппай егін егу жұмыстары басталғанға дейін бұл көрсеткішті 100%-ға жеткізу тапсырылды.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале