8.04.2025, 9:30
Оқылды: 151

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 11,1 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 45 кәсіпорны 1,3 мыңнан астам жұмыскерге 395,9 млн теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында еңбек құқығы бұзылуының 1,6 фактісі анықталды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жазды. 

Businessman analyzes the graph of trend market growth in 2025 and plans business growth and profit increase in the year 2025. plan finances of the business

Сурет: istockphoto.com

 

Жалақы бойынша берешегі және еңбек құқығының бұзылуы анықталған кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 832 ұйғарым берілді және 98,1 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 1,1 жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 241,8 млн теңге төленді.

Бұдан басқа, еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында.

2025 жылғы 1 сәуірдегі деректер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 1332 тексеру жүргізді, оның барысында 1616 бұзушылық анықталды, оның ішінде: еңбек саласында – 1332; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 272; халықты жұмыспен қамту бойынша – 12.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 10 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале