Кейбір адамдар айран ішпегені жөн. Бұл туралы диетолог әрі эндокринолог Антон Поляков айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Фото: www.istockphoto.com
Дәрігер бұл сусынның ерекшеліктерін, сондай-ақ, оның қаншалық қауіпті болуы мүмкін екенін түсіндірді.
Антон Поляковтың айтуынша, адамда сүт протеині казеинге аллергия болса, айранның пайдасынан гөрі зияны көп болады. Өйткені иммун жүйесі бұл ақуызға жағымсыз жауап қатады.
Сонымен қатар, дәрігер егде жастағы адамдарға қалыпты май мөлшері бар айран таңдауға және тым майлы тағамдарды жемеуге кеңес берді. Себебі мұндай тағамдар қарттарда жақсы қорытылмауы мүмкін.