Жаңақала ауданында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің тапсырмасына сәйкес «Жер-2025» республикалық оқу-жаттығуы аясында азаматтық қорғау қызметкерлері сапқа тұрғызылды.

Іс-шараға барлығы 12 мекеме жұмылдырылып, 30-ға жуық арнайы техника қатыстырылды. Атап айтсақ, қоғамдық тәртіпті сақтау қызметі, өртке қарсы қызмет, медициналық қызмет, байланыс қызметі, энергетика қызметі, аутокөлік жолдары мен көпір қызметі, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау қызметі, инженерлік және техника қызметі, газ қызметі, сауда және тамақтандыру қызметі, радиациялық және химиялық қызметі мен БАҚ өкілдері.

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы азаматтық қорғау капитаны Еркебұлан Нұғманов мән-жәйді толығымен түсіндіргеннен кейін, аудан әкімінің орынбасары Ерлан Қажиев барлық мекеме мен кәсіпорындардың төтенше жағдайға дайындықтарын тыңдап, әр іске жауапкершілікпен қарауды тапсырды.

Алдын алу дайындығы пысықталып, техникалар мен құрал-жабдықтар тексерілді. Мұндай жаттығулар халықтың қауіпсіздігін қаматамсыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында өткізіледі.
Айзада Ақбасова,
Жаңақала ауданы
