18.09.2025, 17:00
Оқылды: 99

Банан депрессиядан арылуға көмектесетіні рас па?

Нутрициолог Наталья Фарисеева бұл ақпаратты жоққа шығарды, ол банан депрессияны емдемейтінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі news.ru-ға сілтеме жасап. 

F

Фото: istockphoto.com

Бұған дейінгі зерттеулерде калий мөлшері көп тағамдар депрессияның даму қаупін азайтатыны айтылған. Алайда нутрициолог Наталья Фарисеева банан бұл мәселені шешпейтінін ескертті.

Банан калийге бай, бірақ маманның айтуынша, бір бананда күнделікті қажет калийдің тек 10%-ы бар. Тіпті бес банан жесеңіз де ұсынылған норманы толық қамтамасыз ете алмайсыз.

Зерттеу бақылау сипатында болған. Ғалымдар калий деңгейі мен организмдегі "бақыт гормондары" - дофамин мен серотонин өндірісі арасындағы тікелей байланысты анықтай алмады.

Адам миы - күрделі орган. Оның дұрыс жұмыс істеуі үшін көптеген микроэлемент қажет: калийден басқа магний, кальций, мырыш маңызды. Мамандар бір минералға ғана көңіл бөлмей, түрлі және теңгерімді тағам рационын ұстануға кеңес береді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале