29.09.2025, 17:00
Оқылды: 127

Жәнібек ауданы: Шойын жолдың арғы бетінде тротуар төселуде 

Жәнібек ауылының батыс бетінде, шойын жолдың арғы бетінде орналасқан төрт көшеге жаяу жүргіншілер жолы төселуде. 

image-29-09-25-10-57-1

Тапсырыс беруші Жәнібек ауылдық округінің әкімі Ғибрат Айтқалиевтің айтуынша, Р.Егізбаев, А.Оразбаева, Ғ.Қараш және Х.Халиуллин көшелеріне жалпы ұзындығы 1567 метр болатын жаяу жүргіншілер жолы салынып жатыр. Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер «UNEX KAZAKHSTAN» ЖШС.

image-29-09-25-10-57-4

Учаске басшысы Абзал Досқалиевтің айтуынша, тұрғындардың сұранысы бойынша тротуарларды барынша биіктетіп салып жатыр. Себебі бұл жақта, ылди жерлер көп болғасын көктем уақытында қардың суы жиналып, жол қозғалысы қиындай түседі.

Жұмыстар қараша айында аяқталады деп жоспарланып отыр.

 

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

image-29-09-25-10-57-2 image-29-09-25-10-57-5 image-29-09-25-10-57

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале