8.11.2025, 11:00
Оқылды: 169

Зерделі өрендер білім бәйгесінде бақ сынады

Бүгінгі жас ертеңгі ел тұтқасы. Бұл қағиданы бойына дарытқан зерделі өрендер Алма мектебінің базасында бас қосып, білім бәйгесінде бақтарын сынады. Ақыл-ой мен білік бәсекесі өткен бұл күн жас таланттардың жаңа белесіне айналды.

image-07-11-25-09-26

Астана қаласы «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің «Талант» бөлімінің басшысы Руслан Құрманғалиұлы Сарбалин және Батыс Қазақстан облысының аймақтық директоры Индира Жәрдемғалиқызы Бұйрашева арнайы келіп, «Зерделі ұрпақ» аудандық олимпиадасының шымылдығын түрді. Олардың қатысуы жас зияткерлердің ынта-жігерін еселей түсті.

Жарысқа 10 команда қатысып, ұстамдылықпен, терең біліммен, үздік дайындықпен ерекшеленді. Әр команда өзара бәсекеге түсіп, логикалық ойлау, жылдам қорыту, дәлдік пен зейінділікті танытты. Нәтижесінде Бас жүлдені Казталов мектеп-лицейі иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды. I орынды Ғ.Қараш атындағы мектеп-гимназиясы мен Жаңажол жалпы орта білім беретін мектебі бөлісті.
II орынға Қараөзен мектеп-лицейі және Бірік жалпы орта білім беретін мектебі лайық деп танылды. Ал III орын К.Мендалиев атындағы ЖОББМ, Талдыапан ЖОББМ, Г.Бегалиев атындағы ЖОББМ, Бостандық ЖОББМ және Көктерек ЖОББМ оқушыларына берілді. Әділ әрі ашық бағалау нәтижесінде үздіктер лайықты марапаттарын иеленді.

Олимпиада жоғары деңгейде ұйымдастырылып, әрбір тапсырма жас буынның ой ұшқырлығын, білімін, ынта-жігерін сынаған нағыз интеллектуалды доданы көрсетті. Тартысқа толы, жігерді жанып, білім мен талант тоғысқан жарқын күн болды.

Бүгінгі зияткерлік сайыс ел болашағы саналатын жас дарындардың өз қабілетін шыңдап, жаңа биікке ұмтылуына зор мүмкіндік берді.

Жұлдыз Асқар
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале