23.11.2025, 12:00
Оқылды: 71

Бәйтеректе халықтық  «Ақ ниет» әжелер ансамблінің есеп беру концерті өтті

Бәйтерек ауданы орталығында халықтық «Ақ ниет» әжелер ансамблінің құрылғанына 15 жыл толуына арналған «Әжелер әуені» атты есеп беру концерті өтті.

IMG-20251122-WA0021

Ұлтымыздың ұлағатты тәрбие мен өнеге мектебіне айналған өнер ұжымының мерейтойлық кеші ұлттық салт-дәстүрді дәріптеген көріністен басталды. Сахнаға ене мен келін биі шыққанда алты келін шашу шашып, мерекелік көңіл-күйді әлдеқайда үстем етті. Осыдан кейін әжелер «Пай-пай, қазақтың келіндері» әнімен шымылдықты ашып, көрерменді өткеннің үлгісіне, өнердің нәріне бөледі.

IMG-20251122-WA0023

Кеш барысында әжелер «Тойға шашу» әнін орындап, халықтың қошеметіне бөленді. Сахнада орындалған әр туындыны кәсіби деңгейде сүйемелдеп отырған Үздік мәдениет қызметкері, музыкант Николай Новеньков әжелер ансамблінің сенімді серігіне айналғанын тағы бір мәрте дәлелдеді. Көрермендерге «Беу, айдай», «Сәулем-ай», «Гүлдерайым», «Үкілі қыз», «Қазақ осы», «Әжемнің әні», «Қара өлең», халық әндерінен попурри және «Жолыққан қандай жақсы» секілді қазақтың кең тынысты, әуезді шығармалары ұсынылды.

IMG-20251122-WA0019

– 2010 жылы Гүлбаршын Қасиетова апамыздың бастауымен құрылған «Ақ ниет» әжелер ансамблібүгінде халықтық атаққа ие болып, ауданның мәдени өмірінде өзіндік орны бар шығармашылық топқа айналды. Жас ұрпақтың тәрбиесіне үлес қосып жүрген бірегей ұжымды 15 жылдық мерейтоймен атымнан шын жүректен құттықтаймыз, – деген аудан әкімі аппаратының басшысы Болатбек Ахметжанов ансамбль жетекшісі Арайлым Нарымбетоваға аудан әкімінің алғысхатын табыстады.

IMG-20251122-WA0018

Кеште барысында айтылған құттықтау-тілек көп болды. Олардың ішінде Байқоныс ауылдық округіндегі «Көңілашар» әжелер ансамблінің де алғысхаты бар.

IMG-20251122-WA0022

Осылайша мерейтойлық концерт сахна сәні мен сазын үйлестірген, ұлттық болмысымызды дәріптеген рухани кеш ретінде көптің көңілінен шықты.

Саида Жайық

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале