24.11.2025, 16:30
Оқылды: 59

Астанада «Шабыт» шығармашыл жастардың ХХVIII халықаралық байқауының жеңімпаздары марапатталды

18–22 қараша аралығында елордада өткен «Шабыт» шығармашыл жастардың ХХVIII халықаралық байқауы өз жұмысын аяқтады. Биылғы байқауға Қазақстанның барлық өңірінен және шетелден келген 800-ден астам жас қатысып, түрлі өнер бағыттары бойынша бақ сынады.

23f18915-bc17-4e59-9723-0351c45ff9fa

Іс-шара барысында қатысушылар байқау кезеңдеріне қатысып қана қоймай, шетелдік және отандық мамандар өткізген шеберлік сабақтарына, шығармашылық зертханаларға және білім беру бағдарламаларына қатысты. Қазылар алқасын Қытай, Ресей, Түркия, Италия, Қырғызстан және Өзбекстаннан келген өнер қайраткерлері мен сарапшылар құрады.

52872a25-759e-44cc-919d-b2c2f01755ea

«Шабыт» - 2025 жеңімпаздары:

Камерлық хор:
Гран при: Татарстан Республикасы Мемлекеттік камералық хоры
I орын: Ғ. Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының қазақ камералық хоры
II орын: Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің «Аралас хоры»
III орын: "Алатау" жастар хоры

Хор дирижері:
Гран при - Мусин Даурен
І орын - Сансызбай Ержан
ІІ орын - Есімханов Алмат
ІІІ орын- Джан Джиан

Академиялық ән және концертмейстерлік шеберлік:
Гран-При – Рахметова Фируза, Шынболат Аяжан
І орын – Аламанова Ляйла, Абдрахманова Динара
ІІ орын – Саматқызы Нұрсезім, Омаргазин Нұрсұлтан
ІІІ орын – Ерболатұлы Бекұлан, Ультараков Досым

Камерлық музыка:
Гран-При – Алғи Ақбике, Узбеков Ильяс
І орын – Жакпарова Алия, Болатова Жания
ІІ орын – Акбергенов Нуркен, Бабаев Дияр
ІІІ орын – Нуржигитова Ася, Ғаббасова Айя, Абдрахманова Жанар, Джуматов Нурисламбек

Фольклорлық ансамбль:
Гран-При – «Тарлан» этно ансамблі
І орын – «Түркістан» ансамблі
ІІ орын – «Достық сазы» фольклорлық ансамблі
ІІІ орын – «Тарту» фольклорлық ансамблі

Эстрадалық вокал:
Гран-При – Трио Moonaisun
I орын: Трио MIYA3
II орын: Трио Altyn ún
III орын: Трио Эстрада

Бейнелеу өнері:
I орын: Жургенов Алишер
II орын: Айтуарова Людмила
III орын: Кушерова Рыстыгуль

Поэзия:
Гран при Дәурен Тілеухан
І орын Оразай Жеңісұлы, Ділдә Уәлибекова
ІІ орын Еламан Қабділәшім, Шапағат Әбдір
ІІІ орын Айзада Рахымжанова, Серғазы Қайырболды

Креативті бағыт:
Гран при Қамза Бөкейхан
I орын: Пивторак Никита, Мусина Мадина
II орын: Ергали Алия
III орын: Оспанова Карина, Кулушпаева Айдана, Ахметғали Ақнұр

Сыйақы қоры:
Гран-при — 3 000 000 тг
I орын — 1 000 000 тг
II орын — 750 000 тг
III орын — 500 000 тг

7c52e307-b3ea-446f-8f88-e57de1bb6b71

Байқау Қазақстанның мәдениет және өнер саласында жас таланттарды анықтауға және қолдауға бағытталған негізгі жобалардың бірі болып табылады. Ұйымдастырушылар: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, «Мәдени іс-шараларды өткізу дирекциясы», Күләш Байсейітова атындағы ҚазҰӨУ.

Байқау Қазақстанның мәдениет және өнер саласында жас таланттарды анықтауға және қолдауға бағытталған негізгі жобалардың бірі болып табылады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале