2.12.2025, 17:15
Оқылды: 35

Жүрек саулығы үшін ең пайдалы диета аталды

Пайдалы тамақтану холестерин деңгейін қалыпты ұстауға көмектеседі және жүрек ауруларының даму қаупін төмендетеді. Бұл туралы кардиолог Анастасия Фомичева айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап. 

man-1846050_1280

Фото: pixabay.com

Дәрігердің айтуынша, жүрек саулығы үшін ең пайдалысы – Жерорта теңізі диетасы. Оның құрамында балық, теңіз өнімдері, талшыққа бай көкөністер мен жемістер бар. Бұл диетаны ұстанатындарға фастфуд пен қызыл ет жеуге болмайды. Бұдан бөлек, кардиолог жүрек денсаулығы үшін тұзды және жай көмірсуларлы тағамдарды жемеуді ұсынды.

Жүрек-қантамыр жүйесінің саулығын сақтау үшін тек дұрыс тамақтануды жеткіліксіз. Ол шылым шегуден бас тартуға, күйзелісті басқаруды үйренуге және аптасына кемінде бес рет 30–60 минуттан физикалық белсенді болуға шақырды. Фомичеваның айтуынша, жылдам жүру, жүзу, велосипед тебу сынды кез келген аэробика қолайлы болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале