19.12.2025, 20:00
Оқылды: 10

Орал қаласында орман қоры құрамынан жер телімдерін шығару мәселесіне арналған қоғамдық тыңдау өтті

Талқылау телецентр мен Ақжайық шағынауданының аралығында орналасқан, жалпы аумағы шамамен 69 гектарды құрайтын жер учаскесіне қатысты болды. Оның ішінде 50 гектарға жуық аумақ Ақжайық шағынауданының аумағында орналасқан.

bb754c54-6e09-45ae-8e45-ed8bf8140cb9

Аталған жерлер ұзақ уақыт бойы орман шаруашылығының балансында болған. Алайда қалалық инфрақұрылымды дамыту қажеттілігіне байланысты бұл аумақты қалалық жер қоры санатына көшіру қажеттілігі туындап отыр. Бұл шешім Ақжайық шағынауданын одан әрі дамытуға, сондай-ақ жаңа шағынауданды қаланың ескі орталығымен байланыстыратын жол өткелін салуға мүмкіндік береді.

Орал қаласы әкімінің орынбасары Азамат Халеловтың айтуынша, бас жоспарға сәйкес аталған аумақта бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысы жоспарланған.

c4f8d9b5-9369-431c-bd91-fdda33464b56

«Жоспар бойынша бұл жерде жаңа кардиологиялық орталық, жаңа облыстық аурухана және перинаталдық орталық салу көзделіп отыр», – деді Азамат Халелов.

45cb210d-1ab4-46cc-a8b6-f824e1d6cc7e

Сонымен қатар, көлік қатынасын жақсартуға бағытталған көпір құрылысының маңыздылығы да атап өтілді.

«Көпір – әрқашан өзекті мәселе. Халық бұл бастаманы бірауыздан қолдады. Қоғамдық тыңдауға шамамен 100 адам қатысып, барлығы жерді инфрақұрылымды одан әрі дамыту мақсатында қалалық қор санатына көшіруді қолдады», – деп атап өтті қала әкімінің орынбасары.

Қоғамдық тыңдау қорытындысы бойынша қала тұрғындары ұсынылған бастаманы қолдап, шағынауданды кешенді дамыту мен қалалық ортаның сапасын арттырудың маңыздылығын атап өтті.

Бекзат Қанәділ

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале