22.04.2026, 21:00
Оқылды: 63

Оралдық «Жайық» волейбол клубы ҚР чемпионатының қола жүлдегері атанды

Орал қаласының намысын қорғайтын «Жайық» волейбол клубы Қазақстан Республикасының чемпионатында қола жүлдеге ие болды. Маусым бойы тұрақты ойын өрнегін көрсеткен команда шешуші сәтте де өз деңгейін дәлелдеп, жүлделі орыннан көрінді.

37856625-86c9-44d5-9645-e60d3311ce47

Үшінші орын үшін өткен тартысты кездесулерде оралдық волейболшылар екі матчтың қорытындысы бойынша Атырау командасынан басым түсті. Дегенмен, есепте басым болғанымен, ойындар оңай өрбіді деуге келмейді. Әр партияда қарсыластар тең деңгейде тайталасып, ұпай айырмашылығының аз болуы кездесулердің қаншалықты шиеленісті өткенін аңғартты. Партиялардағы тартысты сәттер мен ұзақ ойын қос команда да соңына дейін күрескенін көрсетті.

Бұл нәтиже команданың жүйелі дайындығы мен бапкерлер штабының сауатты жұмысының жемісі. Сондай-ақ, ойыншылардың ұйымшылдығы мен жеңіске деген жігері жоғары деңгейде екенін дәлелдеді.

1bf3f9ad-8714-4477-a414-45f261da578e

Айта кетейік, «Жайық» клубы былтыр ел чемпионы атанған болатын. Биылғы маусымда да жүлделі орыннан көріну – команданың тұрақты деңгейін көрсетеді. Алдағы айда оралдықтар Азия чемпиондар лигасында ел намысын қорғайды.

Бұл жетістік өңір волейболының дамуына тың серпін беріп, жас спортшылар үшін үлкен мотивация болары сөзсіз.

Түгелбай Бисен

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале