Күйзеліс пен тамақты кеш ішу әдеті асқазан-ішек жолдарының жұмысына кері әсер етуі мүмкін. Бұл туралы гастроэнтеролог Татьяна Головчанская айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сурет: istockphoto.com
Дәрігердің сөзінше, асқазан мен ішектің жұмысы ми қызметімен тығыз байланысты. Яғни ішкі ағзалардан миға, мидан қайта асқазан-ішек жүйесіне үздіксіз сигнал барып тұрады. Адам ұзақ уақыт күйзелісте жүрсе, осы байланыс бұзылып, ағза қалыпты жұмыс істемей қалуы мүмкін.
Маман тамақты кеш ішудің де зиян екенін ескертті. Өйткені бұл асқазандағы қышқылдың өңешке қайта көтерілуіне себеп болуы мүмкін. Соның салдарынан қыжыл, ауызда қышқыл немесе ащы дәм, тамақ кері көтерілгендей жайсыздық сезіледі.
Сонымен қатар, түнде ішек тынығудың орнына жұмыс істеуге мәжбүр болады. Бұл кейін іштің кебуіне, ауырлық сезіміне және жайсыздыққа әкелуі мүмкін