15.06.2026, 23:00
Оқылды: 17

Президенттік әдеби сыйлыққа өтінім қабылдау жалғасуда

Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлауынша, Қазақстанда талантты ақын-жазушылардың жаңа буынын қалыптастыру және жас қаламгерлерге мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында тағайындалған Президенттік арнаулы әдеби сыйлық биыл төртінші рет табысталады.

istockphoto-2200220847-2048x2048

Фото: istockphoto.com

Байқауға 18-35 жас аралығындағы, бұрын-соңды халықаралық немесе ұлттық додаларға қатыспаған жас таланттар өз туындыларын ұсына алады. Өтінімдер «Проза», «Поэзия», «Драматургия» және «Балалар әдебиеті» номинациялары бойынша қабылданады. Ережеге сәйкес әр автор тек бір ғана бағытты таңдап, бір туындымен қатысуға құқылы.

Шығармашылық өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 30 маусымға дейін жалғасады. Санаулы күндер қалғандықтан ұйымдастырушылар жас қаламгерлерді белсенді болуға шақырады. Үміткерлер өз жұмыстарын қағаз және электронды нұсқада мына мекенжайға жолдауы тиіс: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 14-кіреберіс, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті, 273-кабинет. Байқау шарттары мен талаптары туралы қосымша ақпаратты +7 (707) 525 24 54 ұялы телефоны немесе 8 (7172) 740407, 740384, 740408 қалалық нөмірлері арқылы білуге болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале