Қазақстанда аулада көлік қоюға қатысты жаңа талаптар енгізіледі. 1 шілдеден бастап Қазақстанда тұрғын үйлердің аулалары мен оған іргелес аумақтарда автокөліктерді орналастыруға қатысты жаңа талаптар күшіне енеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сурет: istockphoto.com
Жаңа ережелерге сәйкес, аулалар мен автотұрақтарды жобалау кезінде көліктердің көгалдарға шығып кетуіне жол бермейтін арнайы физикалық бөгеттер орнатылуы тиіс. Бұл шара жасыл желектерді қорғауға және аула аумағын тиімді пайдалануға бағытталған.
Сонымен қатар тұрғындарға кварталішілік және аулаішілік жолдарға өз бетінше түрлі кедергілер қоюға тыйым салынады. Атап айтқанда, темірбетон блоктар, бағандар, қоршаулар және басқа да шектеу құралдарын рұқсатсыз орнатуға болмайды.
Жаңа талаптарға сәйкес, тұрғын үй маңындағы аумақтарда көліктерді мына жерлерге қоюға немесе тоқтатуға рұқсат етілмейді:
Бұдан бөлек, ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын, бөлшектелген немесе техникалық жарамсыз күйдегі көліктерді де аулада қалдыруға болмайды. Мұндай көліктер аула кеңістігін тарылтып қана қоймай, тұрғындардың қауіпсіздігіне де кері әсер етуі мүмкін.
Мамандардың айтуынша, енгізіліп отырған өзгерістер аулалардағы бейберекет тұрақ мәселесін азайтып, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ жедел жәрдем, өрт сөндіру және коммуналдық қызмет көліктерінің кедергісіз қозғалуына мүмкіндік береді.
Осылайша, 1 шілдеден бастап жүргізушілер көліктерін аулада қалдырмас бұрын жаңа талаптарды мұқият ескергені жөн. Әйтпесе, заңнамада қарастырылған жауапкершілікке тартылу қаупі бар.