26.06.2026, 19:00
Оқылды: 96

Тоқаев: Біздің міндетіміз – кәсіби әскерилерді тәрбиелеудің тиімді жүйесін құру

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Отан қорғауды әр азаматтың қастерлі конституциялық міндеті екенін атап өтті.

IMG_20260626_190906_996

Фото: aqorda_resmi

Президенттің айтуынша, қазіргі күрделі сын-қатерлерге төтеп беру үшін Қарулы Күштерді жүйелі түрде жаңғырту қажет. Осы мақсатта әскери білім беру саласына цифрлық технологиялар, жасанды интеллект және заманауи даярлық стандарттары белсенді енгізіліп жатыр.

​«Біздің негізгі міндетіміз – кәсіби деңгейі жоғары әскерилерді тәрбиелеудің тиімді жүйесін қалыптастыру. Қазіргі уақытта әскери қызметшілер жан-жақты дамыған, қоғамға үлгілі тұлға болуға тиіс», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

IMG_20260626_185806_885

​Президент осы бағыттағы табысты жұмыстың үлгісі ретінде Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжді мысалға келтірді. Биыл құрылғанына 30 жыл толған бұл оқу орны осы уақытқа дейін сержанттық құрам үшін 4,5 мыңнан астам жоғары білікті маман даярлап шыққан. Президент бұл бірегей тәжірибенің халықаралық деңгейде де жоғары бағаланғанын атап өтті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале