28.06.2026, 16:30
Оқылды: 13

Қазақстандық бітімгерлер Сирия халқына медициналық көмек көрсетті

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, БҰҰ-ның бөлінген аймақты бақылау жөніндегі күштері (UNDOF) құрамындағы қазақстандық бітімгерлер Сирияның Хан-Арнаба қаласында гуманитарлық медициналық акция өткізді.

_gluster_2026_6_27_bf575f7d5a610b6a4673d5f898b6a770_1280x720

Фото: gov.kz

БҰҰ далалық госпиталінің дәрігерлерімен және Сирияның денсаулық сақтау мамандарымен бірлесіп ұйымдастырылған бұл шара аясында жергілікті тұрғындар амбулаториялық тексеруден өтіп, алғашқы көмек пен емделу бойынша қажетті кеңестер алды. Дәрігерлер әсіресе балалар мен егде жастағы адамдарға ерекше көңіл бөлді.

Осындай бірлескен жұмыстың арқасында тұрғындар уақтылы әрі білікті медициналық көмек алып, қазақстандық әскерилерге қамқорлығы үшін алғыс айтты.

Министрлік мұндай гуманитарлық шаралар бітімгерлер мен жергілікті халық арасындағы сенімді нығайтуға септігін тигізетінін атап өтті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале