Жәнібек ауданында «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» республикалық жобасы аясында «Қоғам мәдениеті мен отбасы құндылықтарын нығайту» атты өңіраралық кездесу өтті.

Ауқымды шараға Бөкей ордасы, Жәнібек және Қазталов аудандарының делегациялары қатысты. Басқосуда тараптар отбасы институтын нығайту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және ұрпақ тәрбиесі бағытындағы тәжірибелерімен бөлісті.

Кездесуде Қазталов аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Күнсұлу Шакенаева сөз сөйлеп, өңірдегі аналардың қоғамдық белсенділігі мен отбасылық тәрбиені насихаттау бойынша атқарылып жатқан нәтижелі жұмыстарға тоқталды. Еркін пікір алмасу форматында өткен жиыннан соң меймандар Жәнібек ауданының бірқатар әлеуметтік-мәдени нысанын аралап, жергілікті жобалармен танысты.

Жайна Қабиболла,
Қазталов ауданы