5.08.2026, 21:00
Оқылды: 73

14 қыркүйектен бастап баспана кезегіне тұрудың жаңа ережелері күшіне енеді

Tengri Home хабарлауынша, «Отбасы банкі» Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірлесіп, тұрғын үй заңнамасына мемлекеттік қолдауды әділетті етуге бағытталған бірқатар түзетулер енгізді.

Тұрғын үй ЖП/  дом Автор Гүлмира Сарсенғали

Өзгерістердің негізгі бөлігі 2026 жылғы 14 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

​Жаңа ережелерге сәйкес, жылжымайтын мүлікте 50% және одан да көп үлесі бар азаматтар тұрғын үй кезегіне тұра алмайды (бұл шектеу бұрын есепке тұрып қойғандарға әсер етпейді). Сонымен қатар, отбасы мүшелерінің құрамы кеңейтіліп, баспанасы апатты деп танылғандарға пәтерді жергілікті әкімдіктер беретін болады. Ал баспананы бөлу кезінде пәтердің шаршы метрі емес, отбасыдағы бөлме саны ескеріледі. Сондай-ақ банк кезекте тұрғандардың келісімінсіз-ақ деректерді өзектендіру үшін инвентаризация жүргізу құқығына ие болды.

​Бұған қоса, 2026 жылғы 27 шілдеден бастап күшіне енген түзетулерге сәйкес, елді мекен шекарасы өзгерген жағдайда азаматтардың кезекке тұрған бастапқы күні сақталады. Ал өңірлерде белгілі бір санаттағы азаматтар (мәселен, ардагерлер немесе жетім балалар) болмаған жағдайда, оларға арналған квотадағы пәтерлер басқа басым санаттар арасында қайта бөлінеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале