8.08.2026, 15:30
Оқылды: 8

Қазақстанда жерасты су ресурстарын басқарудың жаңа жүйесі енгізіледі

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің хабарлауынша, ведомствоның Жерасты суы департаменті 2027-2040 жылдарға арналған Жерасты суын кешенді пайдалану және басқару тұжырымдамасын әзірлеп жатыр.

e64623acc36ff5c173e97fa22ce9ae94_1280x720

Фото: gov.kz

​Құжат жерасты су ресурстарын басқарудың заманауи жүйесін қалыптастыруға, елді мекендерді тұрақты сумен қамтамасыз етуге және су қорын сақтауға бағытталған.

Қазіргі таңда ведомствоаралық жұмыс тобы құрылып, сараптамалық талқылаулар жүргізілді.

Су ресурстары және ирригация вице-министрі Талғат Момышевтің айтуынша, еліміздегі жерасты суының пайдалануға жарамды қоры тәулігіне 43,2 млн текше метрді құрайды, бірақ бүгінде оның небәрі 3,6 пайызы (1,5 млн м³) ғана пайдаланылуда. Осыған байланысты жаңа тұжырымдама аясында қосымша гидрогеологиялық зерттеулер жүргізіп, қорды қайта бағалау жоспарланып отыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале