23.08.2026, 16:15
Оқылды: 20

Шыңғырлау ауданы: Сұлтанғалиевтер отбасы өз таңдауын жасады

Құрылтай сайлауында Шыңғырлау ауданына қарасты Ардақ ауылының еңбек адамдары да белсенділік танытып, маңызды саяси науқаннан шет қалмады. Солардың қатарында Әлібек пен Күнсұлу Сұлтанғалиевтердің отбасы да бар.

WhatsApp Image 2026-08-23 at 16.38.42

Қарапайым еңбекті өмірінің берік тірегіне айналдырған отбасы №411 сайлау учаскесіне келіп, азаматтық таңдауларын жасады.

Ауылда ауыр техника тізгіндеп еңбек еткен отанасы Күнсұлу Сұлтанғалиеваның еңбек жолы жастарға үлгі екені анық. Отбасы үшін елдің тыныштығы мен тұрақтылығы, туған жердің өсіп-өркендеуі қашанда маңызды. Сұлтанғалиевтердің сайлауға бірге келуі – азаматтық жауапкершіліктің тағылымды көрінісі. Өйткені ел болашағы әрбір азаматтың өз таңдауына жауапкершілікпен қарауынан басталады.

Еңбекпен өмір сүріп, отбасының берекесін маңдай терімен қалыптастырған жандардың елдік іске белсенді араласуы – қоғамның ортақ іске қосқан үлесі. Сайлау учаскесіне келген Сұлтанғалиевтер отбасы елде әрдайым бейбітшілік пен тұрақтылық орнап, халықтың тұрмысы жақсарып, ұрпақ болашағы жарқын болуын тілейді. Қарапайым еңбек – елдің берекесі, жауапты таңдау – елдің болашағы.

Светлана Байтенова,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале