23.08.2026, 18:34
Оқылды: 10

Қошанкөл ауылында жергілікті өнім өндірушілердің қатысуымен жәрмеңке өтті

Қазталов ауданына қарасты Қошанкөл ауылында жергілікті өнім өндірушілер мен тұрғындардың басын қосқан берекелі жәрмеңке ұйымдастырылды.

image-23-08-26-05-14-1

Шараның басты мақсаты – халыққа қажетті азық-түлік пен ауыл шаруашылығы өнімдерін қолжетімді бағамен ұсыну, сондай-ақ жергілікті кәсіпкерлерді қолдау.

image-23-08-26-05-14-2

Сауда сөрелеріне қойылған ет, сүт өнімдері мен күнделікті тұрмысқа қажетті табиғи тағамдарға тұрғындардың қызығушылығы жоғары болды. Мұндай игі шаралар халықтың сапалы өнім алуына жол ашып қана қоймай, ауылдағы өзара ынтымақтастық пен береке-бірлікті нығайта түседі.

Ернәсіл Самиғоллаұлы,

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале