25.08.2026, 17:45
Оқылды: 6

Тасқала ауданының әкімі қаржы саласының маманын мерейтойымен құттықтады

Тасқала аудан әкімі Талғат Шакиров аудандық қазынашылық басқармасының басшысы Дидара Бисенбайқызын 55 жас мерейтойымен арнайы қабылдап, құттықтады.

Мерейтой иесі.

Мерейтой иесіне ізгі тілегін білдірген аудан әкімі Талғат Шакиров Дидара Бисенбайқызының ауданның қаржы саласында атқарып жүрген еңбегіне тоқталып, жауапты қызметіне табыс тіледі. Сондай-ақ, мерейтой иесіне зор денсаулық, отбасына амандық, еңбегіне береке және алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Құттықтауға аудандық мәслихат төрағасы Жанар Бисенғалиева, аудан әкімінің орынбасары Рауан Рахметуллин, аудандық қаржы бөлімінің басшысы Людмила Тастамбекова және аудандық салық басқармасының басшысы Радик Маратұлы қатысты.

Жиын барысында әріптестері де Дидара Бисенбайқызын мерейлі жасымен құттықтап, ақжарма тілектерін жеткізді. Олар мерейтой иесіне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шаңырағына бақ-береке және қызметінде толағай табыстар тіледі.

 

Бекжан Өтемісов,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале