29.08.2026, 17:30
Оқылды: 5

Қасым-Жомарт Тоқаев Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне орай үндеу жариялады

ҚР Президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне орай отандастарына үндеу жолдады.

IMG_20260829_102049_845

Фото: aqorda_resmi

Президент бұдан 35 жыл бұрын Семей ядролық полигонының жабылуы мен еліміздің төртінші ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартуын бейбітшілік пен болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікті көрсететін тарихи шешім деп атады.

​Үндеуде Қазақстанның антиядролық қозғалыстағы көшбасшылық ұстанымы өзгермейтіні және ядролық державаларды диалогқа келуге, сондай-ақ Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарттың күшіне енуін тездетуге шақыратыны айтылды. Сондай-ақ Президент атом энергиясын тек жасампаз мақсатта пайдалану қажеттігін және референдумда халық қолдаған ядролық энергетиканы дамыту бағыты еліміздің экономикалық әрі ғылыми-техникалық өрлеуіне серпін беретінін атап өтті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале