26.09.2026, 15:15
Оқылды: 39

БҚО-да Маңғыстау облысында болған қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан әскери қызметшілерді жерлеу рәсімдері өтті

Бұл туралы БҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

4db32db88f5542be21e66fb024c41405ee3b1e0879ea670b7385895f6d1ee5db_1280x720

Фото: БҚО әкімінің баспасөз қызметі 

Қаралы жиындарға Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, ҚР Құрылтайының депутаттары Тұрарбек Тілемісов пен Мұратбек Мұхамедиев, БҚО прокуроры Нұрбек Ұласбекұлы, Қарулы Күштердің өкілдері, белгілі қоғам қайраткерлері мен өңір тұрғындары қатысты.

Қатысушылар қаза тапқан жауынгерлердің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты. Отан қорғаушылардың рухына Құран бағышталып, еске алу рәсімдері өткізілді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына мемлекеттік әлеуметтік төлемдер, материалдық қолдау және жаназа мен жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға қажетті жан-жақты көмек көрсетілуде.

ae0a4462ac4225969158b67ce909b1c84e5a890696bbfd9a46d885ef08765a99_1280x720

Қаржылай көмекті жинақтау үшін бұған дейін арнайы қор белгіленді. Жинақталған қаражаттың барлығы қаза тапқандардың отбасылары мен зардап шеккендерге атаулы әрі ашық түрде бағытталады. Бұл жұмыс мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қатаң бақылауында болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале