Тазалық акциясы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында өтіп жатыр.

Осы бастама шеңберінде ауданымдағы барлық мемлекеттік мекеме, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілері белсене үлес қосты. Әрбір мекеме ұжымы өзіне бекітілген аумақтар мен ғимарат маңын тазалап, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

Сенбілік барысында мекеме қызметкерлері аула ішіндегі тұрмыстық қатты қалдықтар мен қурайларды жинап, ағаш түптерін әктеп, жасыл желектерді суарды. Сондай-ақ кепкен ағаш бұтақтары кесіліп, шығарылды.

Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бұл шара тек бір күндік науқан емес, 2026 жылдың 19 қыркүйегінен 28 қараша аралығында аудан бойынша санитарлық-экологиялық айлығы болып жарияланды.

«Таза Қазақстан» акциясы алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, ауданымыздың өркендеуі мен тазалығына өз үлесін қоса бермек.
Райхан Хамзина,
Жаңақала ауданы