ҚР Құрылтайының жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев 2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын таныстырды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

2027 жылға арналған бюджеттің негізгі көрсеткіштері:
• кіріс – 25,4 трлн теңге;
• шығыстар – 30,2 трлн теңге;
• тапшылық – 4,6 трлн теңге немесе ІЖӨ шаққанда 2,3%.
Республикалық бюджеттің меншікті кірісін 2029 жылға қарай 23,4 трлн теңгеге дейін ұлғайту жоспарланған.
Адами капиталға 10,5 трлн теңге немесе бюджеттің жалпы көлемінің 35% қарастырылған. Оның ішінде 6,9 трлн теңге әлеуметтік көмек пен қамсыздандыруға, 2,5 трлн теңге денсаулық сақтау саласына бағытталады.
Өңірлерді қолдауға жыл сайын 7,4 трлн теңге бөлу көзделген.
Жалпы сипаттағы трансферттер 12 базалық бағыт бойынша Өңірлік стандарттар жүйесімен байланыстырылған.
Нақты секторды дамытуға арналған шығыстар – 3,7 трлн теңге. Бұл 2026 жылғы жоспардан 600 млрд теңгеге көп.
Ұлттық қор есебінен үшжылдық кезеңде 347 стратегиялық жоба іске асырылады. Оның нәтижесінде шамамен 31 мың жұмыс орнын ашып, 13 млн-дай адам инфрақұрылым игіліктеріне қол жеткізеді деп болжанған.
«Басты мақсат – экономикалық өсімді ынталандыру, қаржы саласындағы тәртіп пен мемлекеттің азаматтар алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемені күмәнсізорындау арасындағы балансты сақтау. Бұл бюджеттің басты назарында адам және адамға бағдарланған инвестиция», деп атап өтті Мәди Төкешұлы.