17.10.2026, 17:00
Оқылды: 56

Оралда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің кезекті жәрмеңкесі өтті

Жәрмеңкеде көкөністер, жеміс-жидектер, көк шөптер мен құс еті кең таңдауда ұсынылды.

motion_photo_3039598949654184099_edit_28063598016377

Сонымен қатар отандық өндірушілер тұтынушыларға сүт өнімдерін, шұжық өнімдерін, жұмыртқа, нан-тоқаш өнімдерін және басқа да сапалы тауарларды қолжетімді бағамен ұсынды.

motion_photo_2487140576351667867_edit_28070878805697

Атап айтқанда, картоп пен пияз 100 теңгеден, қырыққабат пен сәбіз 150 теңгеден, қызанақ 500 теңгеден, қияр 600 теңгеден, алма 500 теңгеден сатылды.

motion_photo_4148858550578274930_edit_28076981443195

Ауа райы жағдайына байланысты ет пен балық өнімдерін сатуға рұқсат берілді. Бүгінгі жәрмеңкеде сиыр және жылқы еті 3 100 теңгеден бастап сатылып, балықтың әртүрлі жаңа түрлері ұсынылды.

motion_photo_9110211060248082118_edit_28085000701941

Еске саламыз, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері апта сайын тұрақты түрде өткізіледі.

БҚО бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале