16.10.2026, 18:00
Оқылды: 5

Шыңғырлаулық жас баскетболшылар облыста топ жарып, республикалық лигаға жолдама алды

Ауыл балалары арасында өткен «Auyl Sport-2026» өңірлік лигасында Шыңғырлау ауданының баскетболшылары жарқын жеңіске қол жеткізді. Ұлдар арасындағы баскетбол бәсекесінде Шыңғырлау балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің командасы қарсыластарынан басым түсіп, І орынға ие болды.

image-16-10-26-05-11

Бүгінгі жеңіс жас спортшылардың табанды дайындығы мен командалық бірлігінің нәтижесі. Алаңда шеберлік пен жылдамдықты, ұйымшылдық пен жеңіске деген жігерді танытқан жерлестеріміз облыстық кезеңнің чемпионы атанып, Астана қаласында өтетін республикалық лигаға жолдама алды.

Жарыс барысында Шыңғырлау командасының ойыншысы Әлихан Дүйсебаев «Үздік ойыншы» номинациясымен марапатталды. Бұл жас баскетболшының жеке шеберлігіне берілген лайықты баға.

Айта кетейік, Шыңғырлау ауданының баскетбол командасы «Auyl Sport» ойындарының облыстық кезеңінде осымен үшінші рет чемпион атанып отыр. Бұл жетістік ауданда бұқаралық спортты дамытуға және жасөспірімдердің спорттық әлеуетін арттыруға бағытталған жұмыстың жемісін көрсетеді.

Жас баскетболшыларды жарысқа дайындаған жаттықтырушы Аслан Жеңісовтің еңбегі де зор.

 

Сара Шакрат

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале