17.10.2026, 17:30
Оқылды: 5

Жаңақалада «Таза Қазақстан» акциясы аясында ауқымды сенбілік өтіп, 30 тонна қоқыс шығарылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Бұл – уақытша науқан емес, елімізді көркейтуге бағытталған маңызды жоба» деп атап өткен «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Жаңақала ауданында қоршаған ортаны тазалау және көгалдандыру мақсатында ауқымды сенбілік өтті.

IMG_9455_edit_39366713246961

Тазалық акциясына 300-ден астам тұрғын мен мекеме қызметкері белсене қатысып, мекеме аумақтары, ішкі көшелер мен іргелес аймақтар қоқыстан толықтай тазартылды. Жұмысты жедел әрі сапалы жүргізу үшін 12 арнайы техника жұмылдырылып, нәтижесінде полигонға 30 тонна қоқыс шығарылды.

IMG_9459_edit_39359590901338

IMG_9471_edit_39387138140703

Барлық ауылдық округ тұрғындары атсалысқан бұл шара барысында елді мекендерді жасыл желекке айналдыру мақсатында Қырқопа ауылында терек көшеттері отырғызылды.

IMG_9469_edit_39376944284248

Райхан Хамзина, 

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале