ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемді алудың ең ұзақ мерзімін алты айдан үш айға дейін қысқарту көзделіп отыр.

Фото: enbekgovkz
Ведомство өкілдері бұл өзгеріс азаматтардың еңбек нарығына тезірек оралып, жұмысқа орналасуына белсенді түрде ықпал ету мақсатында жасалып жатқанын атап өтті. Осы бағытта тұрғындарға қолайлы бос жұмыс орындарын іріктеу, тегін кәсіптік оқыту мен қайта даярлау, сондай-ақ субсидияланатын арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыру сынды шаралар кешені ұсынылады.
Министрлік бұл қадам төлемдердің толық жойылатынын білдірмейтінін, тек оны алу кезеңі қысқаратынын және қалған шарттар қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындалатынын түсіндірді.