ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің дерегі бойынша, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры Үндістанның Нью-Дели қаласында өткен БРИКС халықаралық театр фестиваліне қатысты.

Фото: madenietaqparat
Өнер додасында ұжым қазақ халқының рухани мұрасы мен ұлттық салт-дәстүрін паш ететін «Қыз Жібек» спектаклін сахналады. Қойылымның режиссері – өнертану бойынша PhD докторы Елік Нұрсұлтан.
Фестивальдің ашылу салтанатына қатысқан Үндістанның Мәдениет және туризм министрі Гаджендра Сингх Шехават шығармашылық ұжымдарға жылы лебізін білдіріп, халықтар арасындағы достықты нығайтудағы өнердің маңызына тоқталды.
Халықаралық ауқымдағы бұл шара қазақ сахна өнерін әлемдік деңгейде танытып, елдер арасындағы мәдени ықпалдастықты арттыруға зор мүмкіндік берді.