18.10.2026, 14:30
Оқылды: 68

Қазақстанда Apple, Samsung смарт-сағаттары мен AirPods құлаққаптарында денсаулықты бақылау функциялары қолжетімді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің дерегі бойынша, өндіруші компаниялармен тікелей келісімдер шеңберінде Қазақстанда Apple Watch, Samsung Galaxy Watch және AirPods Pro құрылғыларындағы денсаулықты бақылаудың инновациялық функцияларына қолжетімділік кеңейтілді.

InShot_20261018_013952432

Фото: DenMinPR

Енді отандық пайдаланушылар смарт-сағаттар мен құлаққаптар арқылы электрокардиограмма (ЭКГ) түсіріп, артериялық қан қысымын өлшей алады, сондай-ақ жүрек ырғағының бұзылуы мен ұйқы кезіндегі апноэ қаупі туралы хабарламалар алып, есту қабілетін тексере алады. Қол жеткізілген келісімнің арқасында бұдан былай Apple мен Samsung енгізетін барлық жаңа медициналық және профилактикалық сервис әлемнің басқа елдерінде ресми іске қосылған сәттен бастап ешқандай өңірлік кідіріссіз Қазақстанда да қолжетімді болады.

Apple Watch пен Samsung Galaxy Watch модельдерінде нақты уақыт режимінде ЭКГ түсіріп, аритмия белгілерін бақылауға, ұйқы кезіндегі тыныс алу сапасын талдап, ықтимал апноэ туралы ескертулер алуға болады, ал Samsung смарт-сағаттарында Samsung Health Monitor қосымшасы арқылы қан қысымын өлшеу үшін құрылғыны манжетасы бар тонометрдің көмегімен әр 28 күн сайын алдын ала калибрлеу қажет.

Сонымен қатар AirPods Pro иелері «Денсаулық» қосымшасы арқылы есту қабілетін тексеріп, жеке есту аппаратының функциясы арқылы қоршаған ортадағы дыбыстарды автоматты түрде бейімдеп, күшейте алады.

Жаңа сервистерді пайдалану үшін құрылғылардың бағдарламалық жасақтамасын жаңартып, тиісті функцияны баптау қажет. Ал министрлік бұл функциялар күнделікті профилактика мен бақылауға арналғанын, бірақ толыққанды медициналық тексеруді алмастырмайтынын еске салады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале