19.10.2026, 16:00
Оқылды: 11

Жас спортшылар «AUYL SPORT-2026» өңірлік турниріне қатысты

Орал қаласында ауыл балалары арасында ұйымдастырылған «AUYL SPORT-2026» өңірлік турниріне Қаратөбе ауданы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері қатысып, өз шеберліктерін көрсетіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Ауыл спорт2

Аталған турнир аясында үстел теннисі, бокс, баскетбол, волейбол және футбол спорт түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырылды.

Үстел теннисі бойынша І орын иеленіп Елжан Думанұлы жеңімпаз атанса,  Нұрдәулет Ислям ІІ орын иемденіп жүлдегер атанды.

Ауыл спорт4

Бокс бойынша 43 келі салмақ дәрежесінде Ерасыл Қуандықұлы ІІ орынды, 40 келі салмақ дәрежесінде Бексұлтан Серік ІІІ орынды иемденді.

Командалық спорт түрлері баскетбол, волейбол және футбол спорт түрлері бойынша да Қаратөбенің жас спортшылары жоғары деңгейде өнер көрсетіп, өздерінің дайындығы мен командалық бірлігін көрсетті. Жүлделі орындарға ілікпегенімен жас спортшылар тартысты ойын өрнегін көрсетіп, мол тәжірибе жинақтады.

Ауыл спорт5

Үстел теннисінен жеңімпаз атанған Елжан Думанұлы Астана қаласында өтетін республикалық жарысқа жолдама алды. Сонымен қатар, шәкірттерін жарысқа дайындап, олардың жоғары жетістіктерге жетуіне үлес қосқан үстел теннисінің жаттықтырушысы Аманша Зинелов арнайы дипломмен марапатталды.

Бұл жетістіктер – жас спортшылардың табандылығы мен еңбегінің, жаттықтырушылардың кәсіби шеберлігі мен жүйелі дайындығының нәтижесі.

С.Хасанов 

Қаратөбе ауданы 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале